Қазақстан
жазушылар одағы
2022
жылдың 1 қазанынан бастап, Май Ван Фан Қазақстан Республикасы ақындар мен
жазушылар одағының мүшесі болды
Тарихы
Қазақстан
Жазушылар одағының алғаш ұйымдасуы ҚазАПП болып құрылған кезден басталады.
1925
жылы 18 маусымда РК(б)П Орталық Комитетінің «Партияның көркем едебиет
саласыңдағы саясаты туралы» деп аталатын арнаулы қаулысының қабылдануына орай,
сол жылғы 12 шілдеде РК(б)П-ның Қазақ Өлкелік Комитетінің секретариаты
Қазақстанның пролетариат жазушыларының ассоциациясын (ҚазАПП) ұйымдастыру
жөнінде ұйғарым жасады. Құрамында С. Сейфуллин, Б. Майлин бар ұйымдастыру
бюросы құрылды. Бұл ұйымға республикадағы әдебиет күштерін біріктіру және
пролетариат жазушыларының Бүкілқазақстандық 1-конференциясын әзірлеу
тапсырылды.
1926
жылы маусымда Қызылорда пролетариат жазушылары ассоциациясының бюросы құрылып,
ҚазАПП-тың жарғысы қабылданды, оған мүшелер тартылды.
1932
жылы 28 сәуірдегі БК(б)П Орталық Комитетінің «Әдеби-керкем ұйымдарды қайта құру
туралы» қаулысы негізінде Қазақстан Өлкелік партия комитетінің секретариаты
мамыр айында қарар қабылдады, осыдан кейін Қазақстан Жазушылар одағы құрылды,
ұйымдастыру бюросының төрағалығына I.Жансүгіров тағайындалды.
1932
жылы Қазақстанның Кеңестік Жазушылар Одағын ұйымдастырды. Қазақстан Кеңес
Жазушыларының 1-съезі 1934 жылдың 12 - 18 маусым аралығында өтті.
Құрамында
проза, поэзия, драматургия, көркем аударма, балалар мен жасөспірімдер әдебиеті,
публицистика мен очерк, сатира, орыс әдебиеті, неміс әдебиеті, корей әдебиеті,
ұйғыр әдебиеті жөніндегі шығармашылық кеңестер жұмыс істейді.
Қазақстан
Жазушылар одағы туысқан республикалардың жазушылары ұйымдарымен байланысты
нығайтты; Азия, Африка жазушыларымен, мәдениет қайраткерлерімен де
ынтымақтастықты күшейтті. Осының нәтижесінде 1973 жылы Азия мен Африка елдері
жазушыларының 5-конференциясы Алматыда өтті.
1925
жылы Қазақстан Жазушылар Одағының он шақты мүшесі болса, қазіргі уақытта 810 мүшесі
бар. Қазақстанның 11 облысы мен Астана қаласында бөлімшелері жұмыс істейді.
Қазақстан жазушыларының ішінен Ғ.Мүсірепов Социалистік Еңбек Ері (1974),
М.Әуезов Лениндік сыйлығының (1959), КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1949),
Ж.Жабаев (1941), Ә.Нұрпейісов (1974), Ж.Молдағалиев (1978) КСРО Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты атағын алды. Ә.Әлімжанов (1970), А.Шамкенов (1992)
Джавахарлал Неру атындағы Халықаралық сыйлығының лауреаты атанды.
(Уикипедия)